Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
12 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Жуырда Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Атырау облысының 55 жастағы тұрғыны арызданып, Құлан ауылындағы көшелердің бірінде белгісіз үш азаматтың кенеттен күш қолданып, «Samsung J-2» маркалы ұялы телефонын, басқа да құнды заттарын тартып алып, артынан ұялы телефонындағы «kaspi.kz» жүктемесінен 15 мың теңге ақшасын аударып алып кеткенін көрсетіп шағымданған. Дер кезінде істі қолға алған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталмыш іс бойынша Алматы қаласы және Қордай ауданының 25-27 жас аралығындағы күдіктілерді құрықтады, жәбірленушіге жалпы сомасы 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілгенін анықтаған.
Дәл қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу барысында күдіктілердің тонау дерегі бойынша бұрын сотты болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Жәнібек СӘДУАҚАС.