Әнді әнге жалғаған «Әжелер»

827 Views

Тұғырлы еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуы қарсаңында аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде игі шаралар өз жалғасын тауып келе жа­тыр. Өткен аптаның бейсенбісінде атал­мыш мәдени құтханада «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты «Асыл әже» әуесқой клубының концерті өткен еді.
Кештің көркемдігі мен кәсібилігі жоғары деңгейде болды. Бұл концертте шырқалған әндердің сапасы мен әншілердің деңгей-дәргейінен байқалды. Барынша карантиндік талаптарды сақтай отырып өткен концерттің өзінде әншілер сахнаны ән мен сәнге бөледі.
Еркін ел естіді әнім, атағыңды,
Жер шары жалғастырды сапарыңды.
Елі үшін талай бабаң жанын қиған,
Сүйіңдер, аялаңдар Отаныңды, – деген жүргізуші сөзінен басталған концерттік бағдарлама «Асыл әже» әуесқой клубының орындауындағы «Алтын бесік» әнімен өз шымылдығын ашты. Одан кейін Рыскүл Наурызбаева, Светлана Жолдасова, Қарлығаш Төреқұлова секілді аталмыш топтың мүшелері мағынасы мен маңызы қатар жарысқан әннен шашу шашты. Оның ішінде «Айқаракөз», «Арыс жағасында», «Қос Бәйтерегім» сияқты халық құлағына сіңісті, жүрегіне жұғысты әндер болды.
«Асыл әже» әуесқой клубы 2017 жылы Көгершін ауылдық клубының жанынан өз жұмысын бастаған. Құрамы 8 адамнан тұратын шығармашылық топтың құрылуына Көгершін ауылдық клубының мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Данагүл Бодауова мен Өнер мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Қарлығаш Төреқұлова мұрындық болады. «Асыл әже» әуесқой клубы құрылған сәттен бастап аудандық деңгейдегі түрлі іс-шаралардың ұйытқысы болып, жергілікті халықты өнер нәрімен сусындатып келеді. Бұл топтың Көгершін ауылының мәдени сферасында өзіндік орны бар. Ауыл тұрғындарының да шығармашылық топқа ықыласы ерек. Өнерге деген осындай сүйіспеншілік топ мүшелері мен тыңдарман арасындағы талғам таразысының түйісуінен деп ұққан жөн.
Шығармашылық топ мүшелерінің айтуынша, алға қойған жоспарлары көп екен. Солардың бірі – аудан мен ауыл халқын ән әрімен әрлеу, өнер өрімен өрнекке түсіру. Біз де «Асыл әже» әуесқой клубының бұл талабына ризалықпен қарадық. Ниеті оң, жоспары

Ахмет ҚАМШЫБЕК.

Поделиться ссылкой: