Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Мәдениет – адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да, өнер – мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды. Қазақ халқының дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің мәйегі.
Аудан халқының мәдени өміріне тың үрдістер, жаңа бағыттар әкелу аясында көптеген шаралар атқарылып жатыр. Оның ішінде аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің қосып жатқан үлесі елеулі. Жыл басынан бері онлайн форматта түрлі іс-шаралардың, концерттердің, мерекелік кештердің ұйытқысы болдық. Атап айтар болсақ, егемен еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуы қарсаңында «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Тұғырлы тәуелсіздік» деген атпен түрлі концерттер ұйымдастырдық. Аудан халқы «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблі, «Сударушка» халықтық-фольклорлық ансамблі секілді шығармашылық топтардың онлайн форматта өрелі өнерлерінің куәсі болды.
Қорыта айтқанда, өнер – мәдениеттің, қоғамдық өмірдің тірегі. Өнерсіз ешбір адам ұшар шыңға шыға алмайды. Оның киесі мен қасиетін түсіне алмаған жан рухани кемелдену жолына түсе алмасы анық. Сол үшін киелі өнерге үлкен құрметпен қарайық.
Н.БАЗАРҚҰЛОВ,
аудандық М.Өзбеков атындағы
мәдениет үйінің директоры.