Жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды

535 Views

Өткен жұмада ел Тәуелсіздігінің 30, сондай-ақ, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай аудандағы бірегей ғимараттың бірі саналатын спорт кешенінде үстел теннисінен жарыс өтті. Аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа 10 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев сөз сөйлеп, мұндай іс-шараларды өткізу ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға зор мүмкіндік сыйлайтынын айтты. Басшының сөзінше, алдағы жылдары кезең-кезеңімен ауылдарға да дәл осындай болмаса да, ангарлық спорт нысандары салынады екен.Содан соң Ауған соғысының ардагері Оразбек Иманбердиевке сөз беріліп, ардагер өз кезегінде отаншылдық, патриоттық рухта өнегелі сөз өрбітіп, бірлік бар жерде тірлік жүретінін айтты. № 24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ұланбек Омарбеков те ерлік турасында өз ойын білдіріп, командаларға сәттілік тіледі. Сол-ақ екен, дене қыздыру кезінде жарысқа қатысушылар білекті түріп тастап, дайындықты бастап кетті. Бір қарағанда, бәрі мықты секілді. Алайда, жарыс қорытындысында нәтиже төмендегідей болды.
Жүлделі III орын Ақниет ауылдық округінің командасына бұйырса, жүлделі II орын Абай ауылдық округі командасының еншісіне жазылды. Ал ауданнан шалғай жатқан ауылдық округтің бірі Қайыңды ауылдық округінің командасы жарыс жеңімпазы атанды. Қайыңдылық жігіттер бұл жарыста командалық ойынның нағыз үлгісін көрсетті.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: