Бірлігі жарасқан ұжым
Бірлігі жарасқан ұжым
Теміржол – мемлекеттің ішіндегі мемлекет десек қателеспейміз. Бұл салада түрлі қызметтер кездеседі. Бірі – болат жолды ауыстырып жатса, екіншісі, жүк тиейді, үшіншісі, қауіпсіздікті қатаң бақылауға алып тексеріп жатады. Солардың қатарына -белгі беру және байланыс дистанциясын жатқызуға болады. Құрамында 14 адамнан тұратын бұл ұжым теміржол саласындағы барлық байланысты орнатады. Сонымен қатар, бөлім басшыларына селектрлық жиналысты да ұйымдастырып береді. Локоматив машинисімен тікелей байланысқа шығу үшін де аталмыш ұжымның атқарар рөлі орасан зор. Мекемеде кабель цехы, радио байланыс, желілік байланыс аппараты, автоматтандырылған орталық байланыс болып бөлінетін 4 бригада қызмет атқарады. Әрбір топтың өздеріне тиісті жұмыс жүйесі қалыптасқан. Бұл байланыс дистанциясында Александр Тюпин, Тұрсынжан Дүйсембетов, Сергей Повлюков, Күмісбек Рысбеков, Гүлмира Шамаева, Сәуле Баеканова сынды тәжірибелі мамандар ұзақ жылдар бойы осы салада жұмыс істеп келеді. Олардың артынан ерген Қуандық Байкеев, Алмаз Мамедалиев секілді жас мамандарда өз істеріне жауапкершілікпен қарап, қызмет етуде.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.