Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры сақталған

786 Views

ЖУЫРДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘЛІБЕК ТЕРЛІКБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ПАЗЫЛ СҮЛЕЙМЕНОВ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ЕРБОЛ ӘБУТӘЛІПОВ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА АРНАЙЫ БАРЫП, ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ. НЫСАНДЫ АРАЛАУ БАРЫСЫНДА АУДАН БАСШЫЛАРЫ АУРУХАНА ҰЖЫМЫНЫҢ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ҚОЛҒА АЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ДА ПЫСЫҚТАП КӨРДІ.

Қазіргі таңда орталық аурухана қа­жетті керек-жарақтармен және қон­дырғылармен барынша қамтылған. Қам­тылу көрсеткіші 92 %-ды құрайды. Бұл көр­сеткіш облыстың өзге аудандарымен салыс­тырғанда әлдеқайда жоғары. Атап айтар болсақ, 2020 жылы сатып алын­ған соңғы үлгідегі германиялық ота жасау және отадан кейінгі жағ­дайды бақылау құрылғысы мен жыл­жымалы диагностикалық кешен (авто­бус) тұрғындарға сапалы әрі тиімді қыз­мет көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін қондыр­ғылардың істен шығып қалу және жетіспеушілік жағдайы мүлдем тіркел­меген. Аталмыш мәліметтің бар­лығын аудан басшыларына орталық аурухананың бас дәрігері Шындос Мырзалиев мә­лім­деді. Сондай-ақ, ауданның бас дәрі­гері қоймада сақтаулы тұрған, тұр­­ғындарға тегін таратылатын 44 түр­лі және коронавирус инфекциясына қар­сы қолданылатын дәрі-дәрмектердің түрлерімен таныстырды. Айта кету керек, дәл қазіргі таңда аурухана қойма­сында аты аталған дәрілердің екі айлық қоры сақталған.
Аурухананы аралау барысында бір­не­ше басты мәселелер де қозғалды. Со­лардың бірі – аурухана ғимаратын то­лық­тай күрделі жөндеуден өткізу. Ақ халаттылардың айтуы бойынша бұл мәселе облыстық тиісті сала бас­шы­ларының қарауына енгізіліп қойы­лыпты. Дәл қазіргі таңда жобалық-смета­лық құжат дайындау мәселесі қаралуда. Сонымен қатар, өңірлердегі эпидахуалдың тұрақсыздығына бай­ланысты карантиндік сақтық шараларын күшейту мәселесі де қозғалды. Осыған орай аудан басшылары тарапынан бас дәрігер мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берілді. Олардың ең бастысы – көпшілік жиын-тойларды ұйымдастырмау немесе қатысудан шектелу, одан бөлек мін­детті әлеу­меттік ме­ди­ци­налық сақ­тандыру жұ­мыс­тарын жандандыру тап­сырылды.
Ау­­дан бас­шы­лары ем қабыл­­даушылармен және келушілермен де жеке-жеке тіл­десті. Сұх­баттасу ба­ры­сын­да аурухана қыз­­­метінің са­па­сына қа­тысты сыни пікір­лер ай­тыл­ған жоқ.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: