454 Views
Дәл осындай тақырыппен жуырда Қарақыстақ ауылдық округінің әкімдігі, ауылдық мәдениет үйі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қарақыстақ ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Исаеваның ұйымдастыруымен жас келіндер байқауы өтті. Ауылдық мәдениет үйінде өткен аталмыш байқауда барлық карантиндік талаптар ескеріліп, арақашықтық сақталды.
Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінде қандай іс-шара өтсе де, өте қызықты болатыны сөзсіз. Өйткені, Зайтуна Оразалиева басшылық етіп отырған мәдени нысанның өнерпаздары, расымен де, талантты. Осыны ескерген байқауға қатысушылар да сахна деген киелі ұғымның жауапкершілігін жете түсініп, тыңғылықты дайындықпен келген көрінеді. Нәтижесінде, жүлделі III орын Тасшолақ бастауыш мектебінің мұғалімі Дариға Садықбаеваның еншісіне жазылса, жүлделі II орын Жалпақсаз бастауыш мектебінің іс қағаз жүргізушісі Әйгерім Жамалбайға бұйырды. Ал «Күншуақ» балалар бақшасының тәрбиешісі Лаура Райкулова жүлделі I орынға ие болып, байқау жеңімпазы атанды. Байқау соңында Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі Ораз Танкеев сөз сөйлеп, осы байқаудың өтуіне демеушілік танытып, қаржылай көмек көрсеткен Б.Әмреев, И.Фрей, А.Савченко, М.Маңғұтов, Е.Мамырхан, Т.Сүлейменов және Қ.Есалиев секілді ауылдағы шаруа қожалық иелеріне өз тарапынан алғыс білдірді.
М.Диханбай.
Поделиться ссылкой: