Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Менің әділет іздегеніме міне, төрт жылға жуық уақыт болып қалды. 64 бас қойым мен екі сиырымды ұрлаған Нұрсұлтан Әлдибаевтан менің пайдама «1 миллион 850 мың теңге өндірілсін» деген сот үкімі шықса да ол: «Беретін түгім жоқ» деп мені де, құзырлы органдарды да алдап келді. Мен бас Прокуратураға дейін шағымдандым. Соның нәтижесінде және ауданымыздың полиция бөліміне жаңадан басшы болып келген Олжас Омарбековтің тікелей араласуымен сот үкіміне сәйкес маған тиесілі қаражат малдай өндіріліп, ұрланған малымның орны түгенделді. Осы үшін полиция подполковнигі, аудандық полиция бөлімінің басшысы Олжас Төлегенұлы Омарбековке, полиция капитаны, учаскелік инспектор Жандос Нүсіповке, тергеушілер С.Бақбергенов пен А.Арыстанбековке шын ризашылығымды білдіремін.
Қазақ: «Қайтқан малда қайыр бар» демей ме? Осы іске араласып, оның тезірек шешілуіне түрткі болған аудандық Қоғамдық кеңес мүшелеріне де алғысым шексіз. Айту ләзім, осы жерде ауданымызда болып жатқан оң істерді де айтқым келіп отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын түн мезгілінде аудан орталығындағы алаңға түннің жарымында жастар жиналып алып, автокөліктерімен жарысып апатқа ұрынатын. Сол көліктердің соқтығысу оқиғалары нәтижесінде, адамдар әртүрлі деңгейде жарақат алып ауруханаға түскен, тіпті адам өлімі де орын алған кездер де болды. Осы жүгенсіздік О.Омарбеков келгелі бері тоқтады. Бұл келеңсіздік туралы Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Іңкәрбеков пен Р.Әбдіқадыров мәселе де көтерген болатын. Кеңес төрағасы Пазыл Сүлейменов аудан орталығындағы үш мектепке баратын оқушылар көлік көп қатынайтын жолды жиі кесіп өтетінін, кейде бағдаршамның істен шығып қалатынын, сөйтіп жолда жүру ережесіне нұқсан келетінін айтқан болатын. Осыны ескерген полиция бөлімінің бастығы орталық алаңға күзет қойып, қоғамдық тәртіпті қадағалауды қолына алды. Полицияның кезекші қызметкерлері арнайы көлікпен бағдаршамның жанында таңғы сағат 6-дан бастап қадағалайтын болды.
Мен ауданымыздың полиция бөліміне іскер де жас басшы келгеніне ризамын. Сондықтан оған айтар алғысым шексіз.
Бейсембай Таңбаев,
аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Тұлпар» шаруа қожалығының жетекшісі.