Төрағалар қайта сайланды

362 Views

Бүгінде «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының төрағалары жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, партия мүшелеріне есеп беруді бастады. Солардың қатарында «Каменка» мен «Қарақат» бастауыш партия ұйымдары да бар. Олардың бірі өз іс-шарасын Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің акт залында ұйымдастырса, екіншісі – аудандық «Сұлутөр» кинотеатрында өткізді. Айта кету керек, аталмыш есепті жиындар індетті өршітпеу әрі атқарылған жұмысты кеңінен ақпараттандыру мақсатында онлайн және офлайн форматында ұйымдастырылды.
Жиындарда сөз сөйлеген қос бірдей бастауыш партия ұйымының төрағалары Мұратжан Мей­манханов пен Мереке Айна­құлов ең алдымен 2019-2020 жылдары атқарылған жұ­мыс­тарымен таныстырды. Сон­дай-ақ, төрағалар өз баян­дамаларында партияның әрбір бағытының орындалуы басты бақы­лауға алынғандығын және партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған мін­деттерін жүзеге асыруда бас­тауыш партия ұйымдарының бел­сенділігі аса маңызды еке­ніне ерекше тоқталды. Со­нымен қатар аталмыш жиын­дарда алдағы жылдыққа бюро мүшелері сайланып, аумақ­тық партия филиалының кон­ференцияларына қатысатын де­легаттар анықталды.
Жиын соңына қарай жарыссөзге шыққан партия мүшелері төрағалар жұмыстарына өздерінің оң бағасын берді. Ізінен оларды бастауыш партия жұмысын әрмен қарай жүргізуге, тізгінін ұстауға лайық деп танып, төрағаларды қайта сайлады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: