Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жерлесіміз Рысбек Қадырқұлов бүгінде отыз шақты әннің авторы. Сахна майталманының өнер саласында жүргеніне жиырма жылдың жүзі болып қалды. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деген рас-ау. Әйтпесе, Рысбектің жұлдызы жарық, өнері өрге жүзіп келеді. Ол осы байқауға ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған жерлес композиторымыз Нұрлан Байгөзовтың «Үш бақытым» әнін орындайды.
Р.Қадырқұлов бүгінде Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі. Халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным», облыстық Мэлс Өзбеков атындағы «Келші, Құланға» байқауының бас жүлдегері. Біз бүгін сазгер-әншінің сиясы әлі кебе қоймаған туындысын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Ол – «Менің елім» деген жаңа ән. Сөзін жазған Элдар Боранбек, ал әні Рысбек Қадырқұловтыкі. Рысбек осы әнін де байқауда орындап қалуы мүмкін.
Рысбек жергілікті ақындармен үнемі творчестволық байланыста. Мәселен, ол Сейсен Қожекенің «Қарға тамыр қазағым», Есназар Құрымбаевтың «Қасиетті Құланым» әндерінің авторы. Оның әндерін өзімен бірге аудандық мәдениет бөлімінде жұмыс істеп жүрген Ерболат пен әнші Айша Жүнісовалар орындап жүр. Біз жерлес әнші-сазгер Рысбек Қадырқұловқа осы байқауда табыс тілейміз.
Жолың болсын, Рысбек!
С.Шамин.