Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Күллі мұсылман қауымның асыға күтетін, мол сауапқа кенеліп, руханиятын жаңартатын, игілік пен жақсылыққа ұмтылып, сансыз қайырымдылық жасайтын мейірім айы Рамазанда Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің ұжымы қайырымдылық жасап, қайырлы істің ұршығын иірген әріптестеріміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Олар өз әріптестерін қиын жағдайда қалдырмай, денсаулығына байланысты ем қабылдап жатқан пән мұғаліміне 261000 (екі жүз алпыс бір мың) теңге ақшалай көмек көрсетіп, қолдау білдірді. Сонымен қатар, «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, мектеп ұжымы бір ауыздан қазіргі уақытта ауруханада ем алып жатқан оқушылар Шекеев Нұрсұлтанның тағдырына алаңдаулы екендіктерін білдіріп, 164000 (жүз алпыс төрт мың) теңге ақшалай қол ұштарын созды. «Мұғалімді баланың екінші анасы» деп әсте бекер айтпаса керек, олар аз қамтылған отбасынан шыққан оқушы Асқаров Нұрсұлтанның жағдайына қарайласып, мектептен қалмай жақсы көңіл-күймен сабаққа келуіне өз алаңдаушылықтарын білдіріп, Т.Рысқұлов ауданы орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп Жадраевтың келісімімен жан басына шаққан пітір садақаны баланың мектеп киімі үшін 24400 (жиырма төрт мың төрт жүз) теңге аударып, киімдер алып берді. Жақсылық жасау үшін сіз міндетті түрде бай, ақшасы көп адам болуыңыз қажет емес. Бастысы, сіздің тілек-ниетіңізде деп ойлаймын. Халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы мол болғай. Ең бастысы, «кішкентайларымыз жыламасыншы, балапандарымыз ауырмасыншы!» деген әріптестеріме Қасиетті Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз өздеріңізге екі есе қайтсын деп тілеймін. Жақсылық жасауға ұмтылатын мектеп ұжымына алғысымды білдіремін. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылайық!
Мұратжан Мейманханов,
аудандық мәслихат депутаты, «Каменка» БПҰ төрағасы,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің директоры.