Тағайындау

252 Views

Аудан әкімінің 24 мамыр 2021 жылғы №11-ө/жқ өкімі негізінде Тойшығұл Қадырбекұлы Жапарқұлов Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайын­далды.
Тойшығұл Қадырбекұлы 1976 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Менеджмент және маркетинг институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы Ақыртөбе ауылдық округі, Ақыртөбе ауылында қаржыгер лауазымы бойынша бастаған.
2000-2001 жылдары Жарлысу ауылындағы «Есім-би» ЖШС-нің бас бухгалтері, 2001-2003 жылдары Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының бас маманы, 2003-2005 жылдары Т.Рысқұлов аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2005-2007 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджетті орындау бөлімінің бас маманы, 2007-2009 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы болып еңбек еткен.
2010-2013 жылдары Жамбыл облысы статистика Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының статистика басқармасының басшысы, 2013-2014 жылдары Жамбыл облысы статистика Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының статистика басқармасының басшысы, 2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Жамбыл облысының Статистика Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының Статистика басқармасының басшысы болды.
2018 жылдан күні бүгінге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы қызметі лауазымын атқарып келді.

Поделиться ссылкой: