ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
234 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Осы айдың бел ортасынан бастап ауданда қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданбақ. Күні кеше бұл туралы аудан әкімдігінің парақшасында ресми түрде хабарланды.
«Ауданымызда қоғамдық көлік қозғалысы 13 қыркүйектен бастап тұрақты түрде 30 минуттық жиілікпен қайта жұмыс істейтін болады. Қоғамдық көліктер штаттық режимде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан «Нұрбол-2001» ЖШС мекемесі арасында арнайы келісім-шарт жасалып, қоғамдық көліктерді ауданға жеткізу жұмыстары жүргізілуде» делінген ресми хабарламада. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің баспасөз қызметі қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимін сақтау аса маңызды екенін және онсыз автобустарға кіруге болмайтынын ескерткен.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қоғамдық көлік жұмысы карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылып, қатынаудағы қиындық аудан тұрғындарын әбден әбігерге салған болатын. Бүгін міне бұл мәселеде өз шешімін тауып отыр.
«Құлан таңы» ақпарат.