Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
(Соңы. Басы 1-бетте).
Жоғарыда келтірген ойдың шынайылығына көз жеткізу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Жай ғана қолыңызға ауданның айнасына айналған басылымды алып, ондағы сан түрлі ақпаратты арқау қылып, мәнді де мағыналы, түйткілді мәселелер жайында сөз қозғаған мақалаларды оқып шықсаңыз жеткілікті. Естеріңізде болса, газетіміздің тамыз айының 28 күнгі №68 санында «Ауыл арасындағы ауыр көліктер қатынауын қашан қояды?» деген тақырыппен мақала жариялаған болатынбыз. Жасырып қайтейін, ұят пен ардан аттаған жүргізушілердің жөнсіз әрекеті жайында жазылған мақала сол сәтте ойы орамды оқырман арасында кеңінен талқыланды. Тіпті, құзырлы органдар бірден жауап қатып, осы олқылық бойынша жедел шаралар қабылдады.
Нақты атап өтетін болсақ, жауапты тұлғалар Луговой және Тәтті ауылдарының кіреберістеріне ауыр көліктердің жүруіне тосқауыл қоятын шектеу белгілерін қойды. Осылайша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша мінсіз әрі дереу іс-әрекет ететінін тағы да бір дәлелдеді. Сол үшін де Олжас Омарбеков бастаған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне ауыл тұрғындары және редакция ұжымы атынан шексіз алғысымызды айтамыз.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.