Кітапханашылардың жалақысы көбейеді

1 084 Views

Қыркүйек айының алғаш­қы күнінде тікелей эфирден көрсетілген Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына Жолдауын менде мұқият тыңдадым. Жол­дауда барлық сала, ха­лық көкейіндегі бар­ша мәсе­ле­лер қамтылды. Мемлекет басшысы Жолдаудың негізгі басым­дықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақ­саты екенін атап өтті.
Бұл мақсатқа жету үшін 5 не­гіз­гі бастама айтылды. Біріншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті. Бұл шара 1 000 000 адамды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүр­ген барлық азаматтарға жанама түр­де әсер етеді.
Екіншіден, соңғы 10 жылда кәсіпорын иелерінің табысы­нан 60 пайызға артта қалып кел­ген еңбекақы қорын көтеру қа­жет­тігін айтты. Осы орайда Үкіметке жұмысшылар­дың жалақысын кө­теру үшін бизнесті ынта­лан­­дыру шараларын әзір­­леуді тапсырды. Жұ­мыс­шыларының жала­қы­ларын өсірген жұмыс берушілерге сатып алуларда жеңілдік қарастырылып, мемле­кет­тік қолдауда басым­дық берілетінін жеткізді.
Үшіншіден, Мемлекет басшысы микро және шағын кәсіпкерліктің еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем көлемін 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Төртіншіден, Президент 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл бастаманың игілігін тұтастай алғанда тағы 600 мың қазақстандық көреді.
Бесіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев зейнет­ақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлі­гін «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды. Сондай-ақ, Президент бірлес­кен отырысқа қатысқан Парламент депутатта­рына әрбір заң жобасының қыр-сырына те­рең үңіліп, оны сапалы дайындауға шақырды.
Мен Президент белгілеген саяси ше­шім­дерді толықтай қолдай отырып, ондағы негізгі міндеттерді іске асыруға қолымнан келгенше үлес қосатын боламын.

Гульнора Базарбаева,
Құмарық ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: