Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Ол үшін:
Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;
Компьютеріңізде веб-камера болуы шарт;
Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
Порталдың басты бетінде еgov.kz «ЭЦҚ қашықтықтан алу» батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде «Рұқсат ету» түймесін басыңыз.
Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпия сөз) енгізіңіз;
Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.
МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді;
«ЭЦҚ алуға өту» батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),»Бастау» батырмасын басу қажет»;
Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге «орналастырып», фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін «Жалғастыру» түймесін басыңыз;
Әрі қарай сізге бейне сәйкестендіру терезесі ашылады, онда «Бастау» түймесін басу керек. Бейне сәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, «PIN-кодты орнату» батырмасын басу қажет»;
Жеке куәліктің фото суретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;
Электрондық мекен-жайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;
Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және «Ашу» батырмасын басыңыз».
ЭЦҚ-да құпия сөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімі.