Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Қазақ дана халық қой, шіркін. Жомарттық, кеңпейілділік секілді асыл қасиеттер кейбір дамыған елдердің халқында жоқ. Бәзбір ұлттар бар, тіпті, өзін бағып-қағып өсірген ата-анасының қадірін бағаламайды. Құдайға шүкір, біз, қасиеті қауым елге қазық, өсиеті қауым елге азық болып отырған іргелі елдің қатарындамыз. Әйтпесе, әлемде болып жатқан небір сұмдықты естіп, көріп жүрміз теледидардан. «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар» деген қағиданы берік ұстанған біздің елдің өзгешелігін «өзгелерден» даралап тұрған қасиеті осы болып көрінеді кейде.
Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі игі бастаманы ұйымдастыруға себепші болды. Анығын айтқанда, Ербол Тұғылшиев, Бақыткүл Ажыханова, Ғабит Абдуалиев, Айдана Бейсен, Лесқали Нұрпейсов, Мақсат Даулеталиев, Мақсат Алшабаев, Жәнібек Жүсіпов, Аягөз Жақсыбаева, Мадина Алмазқызы және Әлішер Жолдасқан секілді жомарт әрі қайырымды азаматтар мен азаматшалардың демеушілігімен аталмыш мерекеге орай, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін 79 жалғыз басты қарттарға сыйлықтар таратылды. Біз өз тарапымыздан демеушілік көрсеткен жандарға алғыс білдіреміз.
«Қарттарым – асыл қазынам», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген тақырыптарда дәл осындай ілкімді іс-шаралар әр ауылдық округ әкімшіліктерінде де ұйымдастырылып, кәсіпкерлер демеушілігімен мерекелік сыйлықтар табыс етілді.
А.Қалиева,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкері.