Ел дамуына серпін береді

564 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың күздің алғашқы күнінде жарияланған жаңа Жолдауында пандемиядан кейінгі еліміздің даму сипаты, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру мен еңбек нарығында тиімді экожүйе құру, саяси жаңғыру мен адам құқығын қорғау сынды сан саланың жай-күйі қамтылған.
Әлем халқын әбігерге салған күрделі эпидемиологиялық жағдай мемлекет экономикасының барлық ведомстволары мен секторларының күш-жігерін жұмылдыруды талап етеді. Президентіміз өз Жолдауында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алуды жеделдету қажеттігін атап өтті. Айта кету керек, Қазақстан ДСМ ДДСҰ тіркеген бірқатар вакциналарды сатып алды, бұл: CoronaVac, (Sinovac, Қытай), VeroCell (Sinopharm, Қытай) сонымен қатар, Pfizer-BioNTech вакциналары. Сондай-ақ, профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес, халықты вакцинамен бас­қары­латын аурулардан иммундау бойынша тұрақты жұмыс жалғасатын болады. Мемлекет бас­шысы одан бөлек санитарлық-эпидемиологиялық сарап­тама зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық жаб­дықтармен қамтамасыз етуді тапсырды. Зерт­ханалық жабдықтарды жаңғырту қажетті зерт­теулердің барлық спектрін орындауға, тестілерді өткізу уақытын қысқартуға, көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасын арттыруға, сондай-ақ, эпидемиологиялық тексерулерде көмек көрсетуге және ауру ошақтарының бастапқы себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – денсаулық сақтау жүйесінде инфрақұрылымды дамытып, кадрлар даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаражат бөлу болып табылады.
Қазіргі ғалам дертінің бірі жемқорлық болып тұр. Осы орайда, ел Президенті сыбай­­лас жемқорлықпен тиімді күресуді жалғас­тыруға, құзырлы агенттікке жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылдардың бағ­дарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуды тапсырды. Ең бастысы, «Тұрмыс­тық сыбайлас жемқорлықты» жоюға айрықша назар аударған жөн деді.
Мемлекет басшысының ұсыныстары мен тапсырмаларын орындауда әрбір жас белсенді қызмет атқару қажет. Бұл еліміздің одан әрі дамуына, қуатты мемлекетке айналуы­мызға, дағдарыстан сондай-ақ, құлдыраудан сақтайды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы елдің дамуына, рухани және экономикалық өсуімізге зиялы қауым өкілдері зор үлес қосатынын да айтты. Жаңа оқу жылының басталуымен үндес болған бұл Жолдау халыққа тың серпін, жақсы рухани қолдау болары анық. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болатынына және қанымызға тән қайсар мінезімізбен мәңгі жасампаз ел болатынымызға сенеміз!

С.Ускенбаев,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Поделиться ссылкой: