Аудан әкімі алғысын білдірді

825 Views

Аудан әкімі алғысын білдірді

 

Қай заманда да мемлекеттік басқаруда өзгермеген бір нәрсе болса, ол – салық. Себебі, салық бұрыннан мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып келген. Мемлекетті ұстап тұру үшін белгілі нормаға сәйкес, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болды. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды. Бүгінгі таңда да салықтың бюджетті толықтыруда алатын орны бөлек.

2014 жылы 14 тамызда Салық Комитеті мен Кедендік Комитеттің бірігуі нәтижесінде ортақ «Кірістер» Комитеті құрылған болатын. 4 жылдан бері тойланып келе жатқан бұл мереке биыл да назардан тыс қалмады. Аудан әкімі Асқар Санатұлы бастаған бірқатар аудан басшылары мемлекеттік кірістер басқармасына барып, бағалауға тұрарлық еңбек еткен қызметкерлерді марапаттап, алғыс хаттарын табыс етті.

Баксқарма басшысы Есболат Сыбанбаев пен оның орынбасары Елдос Байымбетов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, басқарма қызметкерлері Асхат Сәлімжанов, Гүлнұр Үдербаева, Руслан Сәрсенбек жемісті еңбегі үшін аудандық мәслихат хатшысы Т.Жаманбаевтың Алғыс хатына ие болды. Ал, Несіпкүл Рахымжанқызы мен Нұрсұлтан Бөлегенұлы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасымен, Мақпал Түкбасова, Жасұлан Әшір және Рахымжан Намазбаев Алғыс хатымен марапатталды.

Басқарма қызметкерлерін құттықтаған аудан әкімі олардың жұмысына табыс, еңбегіне жеміс тілей отырып, атқарып жатқан қызметтеріне көңіл толатынын жеткізді.

С.ҚАРАСАЕВА.

Поделиться ссылкой: