Азаттықтың ақ таңы
Қайран елім, еңселі жұрт қазағым,
Қайда жүрсек еркіндік қой арманым.
Тұманданған көңілдегі кірбіңді,
Саған аппақ пейіліммен жазамын.
Егеменді елім менің байтағым,
Сен дегенде сырымды мен айтамын.
Тізгінді алып көтергенде еңсеңді,
Елімізге қонбаса екен қайта мұң.
Текті ұрпаққа өлеңде сын, жырда сын,
Айналайын тәуелсіздік мұңдасым.
Болашаққа нұрлы жолын сап берген,
Аман болсын елі сүйген Елбасым.
Еркіндікке барар жолды ашасың,
Қадам жасап сәулеңді де шашасың.
Жоғарыда көк байрағым желбіреп,
Қазақ елі мәңгілікке жасасын!
Динара Сейдалиева,
Шолаққайыңды бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.