Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Өткен жұмада Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектепте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – білімді елдің тұғыры» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш ғылыми-тәжірибелік конференцияға облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Гүлзат Келдібаева, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының тренері Ақбота Тоқтағанова, «Өрлеу» БАҰО-ның Жамбыл облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты басшысының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Шынар Тойғанбекова, аудан аумағындағы бірқатар білім ошағының басшылары мен мектеп директорларының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер қатысты. Конференция өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Болтай батыр атындағы орта мектептің директоры Рәбиға Кеңесқызы жауапкершілік дейтін құнды қасиетті жете түсініп, барлығын рет-ретімен ұйымдастырып қойыпты. Конференция басталмай тұрып, келген қонақтар ұлттық нақышқа толы көрме суреттерін тамашалап шықты. Қандай ғажап! Тәуелсіздік тойында қайдағы бір жасандылыққа толы жылтырақ дүниелердің емес, жігерімізге жігер қосатын, көне тарихымызды баяндайтын картиналардың қойылғанына дән риза болдық. Мектеп басшысын жете танымасақ та, «бойында ұлттық намысы қайнаған, жүрегі елім деп соққан азаматша екен» деген ойға қалдық.Қош. Сонымен конференция басталды. Конференция шымылдығын аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова сөз сөйлеп ашып берді. Содан соң облыс әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Гүлзат Елемесқызы Тәуелсіздік жылдарында еліміз жеткен жетістіктер жайында, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының тренері Ақбота Сағындыққызы «Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті», «Өрлеу» БАҰО-ның Жамбыл облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты басшысының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Шынар Мәлібайқызы «Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел мұраты» деген тақырыпта бағдарлы баяндама жасады. Ал өзі Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңда болып, сондағы жастардың жанкештілігін көрген Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ұлған Айнакееваның «Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз» деген тақырыпта жасаған баяндамасы біздің жүрегімізді шымырлатты, шыны керек.
Бұдан соң конференция барысы 3 секция бойынша өрбіді. Біз әуелі жалпы білім беретін мектептердің педагогтары үшін «Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктер, мәселелер, болашақ» тақырыбы бойынша өрбіген секция отырысына қатыстық. Онда Болтай батыр атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, секция отырысының модераторы Гүлбану Шөкешова «Тәуелсіздік – қазақ халқының ұлы мұраты», Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Толғанай Берденова «Желтоқсан – Тәуелсіздік бесігі», №2 шағын орталықты орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жеңіс Өтепбергенова «Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістігі», №1 мектеп-лицейі директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нұржамал Бейсенова «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолындағы тарихи қадамдар», Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шырын Оспанова «Ынтымақ, бірлік, татулығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстан», Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің тарих пәнінің мұғаліміАйман Нүсіпова «Тәуелсіздік – киелі ұғым», Абай атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Дастан Асқаров «Қазақ халқының Тәуелсіздігі» және Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнәр Орынбасарқызы «Қазақстан – мәңгілік Тәуелсіз ел» тақырыптарында баяндама жасады. Ал «Тәуелсіз елім – ардақты мекенім» деп аталатын секция отырысы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналды. Онда аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, секция отырысының модераторы Гүлсана Сейтбаева «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие», Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектептің қосымша білім беру педагогы Мәншүк Есімбекова «Тәуелсіздік – ең биік тұғырым», Шолаққайыңды бастауыш мектебінің меңгерушісі Жанат Сейдалиева «Тәуелсіздік – білімді елдің тұғыры», Жас натуралистер станциясының қосымша білім беру педагогы Әсем Батыршақызы «Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс», Өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы Нұргүл Мұқанова «Тәуелсіздік бәрінен қымбат ұғым», балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының педагогы Гүлзат Қалтаева «Тәуелсіз елімнің өркендеу жолы», Жас натуралистер станциясының қосымша білім беру педагогы Сандуғаш Сатанова «Тәуелсіз елім – ардақты мекенім» деген тақырыпта баяндама жасады. Үшінші секция отырысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары «Тәуелсіз Қазақстан: кеше және бүгін» тақырыбында сөз қозғады. Атап айтқанда, «Бәйшешек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Қаламқас Қорымбаева «Қазақстан кеше және бүгін», «Алтын сақа» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлмира Досқожаева «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Әсем Солтанаева «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы», Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Айзада Садыбекова «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат», «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Индира Баймұратова «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи бастамалары және болашағы», «Ерке Нұр» шағын орталығының тәрбиешісі Кәмшәт Абитханқызы «Егемен елдің еңсерген 30 жылы», «Аяулым» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Амангүл Абдуқалиқызы «Тәуелсіздік – ел тұғыры» деген тақырыпта баяндама жасады.
Конференцияда аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Самылтыров сөз сөйлеп, тәуелсіздік хақында оябы бөлек ой айтты. Аудандық білім бөлімінің методикалық кабинет меңгерушісі Кәдіржан Медеров те сөз алып, осы конференцияға атсалысқан барлық педагогтарға, балабақша меңгерушілеріне, тәрбиешілерге жеке алғысын білдірді. Әсіресе, мектеп директорларының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларынан құралған «Ұшқын» шығармашылық тобының атқарған жұмысына дән ризашылығын жеткізді. Себебі олар «Тәуелсіздік – білімді елдің тұғыры» деген кітаптың жарыққа шығуына ерекше қолдау білдірген. Конференция соңында бірқатар мұғалімдер мен балабақша меңгерушілері, тәрбиешілерге алғыс хат табыс етілді.
Марат Диханбай.