АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
2 ViewsАудан әкімі Ернар Есіркепов төрағалық еткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 596 б. 3 б. (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың мамырында құқық бұзушы О. көлік құралын басқарып Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесінің бойында орналасқан орталық базар алдында жолдың көлденең ақ түсті қос сызығын басып, қарама қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігіне шығып кеткен.
Сотта азамат О. өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен азамат О. ӘҚБтК-нің 596 б. 3 б. кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
«Құлан таңы» ақпарат.