МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АИДА БАЛАЕВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

24 Views

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, ақпарат және әлеуметтік
саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы,
сондай-ақ, азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды.

Вице-премьер заңнаманы жаңа
Ата заңға сәйкестендіру, мемлекеттік
ақпараттық саясатты жетілдіру, цифр-лық кеңістікті ілгерілету, азаматтық
қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ, отбасы
және жастар саясаты, волонтерлік қыз-мет пен қоғамдық бақылау салаларында
атқарылып жатқан жұмыстар туралы
мәлімет берді.
Мемлекет басшысына жаңа білім,
ғылыми-ағартушылық және шы ғар-машылық нысандарын құру, дәс-түрлі өнерді қолдау мен білікті маман даярлау бағыттарында еліміздің
мәдени инфрақұрылымын жандандыру жөніндегі ұсыныстар айтылды. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелеріне айрықша
назар аударылды. Аида Балаева білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын өркен-дету жайында әңгімеледі. Ведом ство-ара лық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен
қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, заманауи цифрлық
шешімдерді енгізуге және әлеуметтік
сала инфрақұрылымын қалыптастыруға
ерекше мән берілді.
Президент мәдениет, ақпараттық  саясат, оқу-ағарту, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау сияқты маңызды салалардағы Үкіметтің
атқарған жұмысы туралы Премьер-министр орынбасарының ақпаратын
оң бағалады. Сонымен бірге Мемлекет
бас шысы өзекті әлеуметтік мәселелерді
жедел шешу үшін тиісті ведомстволар
жұмысын одан әрі жандандыру қажет
екеніне назар аударды.
AKORDA.KZ.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий