Назар аударыңыз!
Назар аударыңыз: Заңсыз контент және қатаң жауапкершілік!
Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде этносаралық татулыққа сызат түсіріп, араздық тудыруға бағытталған арандатушылық материалдарды тарату әрекеттері жиілеп кетті. Мұндай контенттің астарына үңілмей, байқаусызда бөліскендер заң алдында жауап береді.
⚖️ Қылмыстық кодекс талаптары:
ҚР ҚК 174-бабы (Араздықты қоздыру) — әлеуметтік желілерде осындай материалдарды дайындағаны, сақтағаны немесе таратқаны үшін 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
ҚР ҚК 274-бабы (Жалған ақпарат тарату) — шындыққа жанаспайтын деректерді таратқаны үшін қосымша жауапкершілік жүктеледі.
🛑 ЕСКЕРТУ: Радикалды топтардың айласына алданбаңыз! Этносаралық араздықты қоздырушыларға ермеңіз, күмәнді видеоларды таратпаңыз, репост жасамаңыз! Бейтаныс ақпаратқа әрдайым сын көзбен қарап, ел бірлігін сақтауға үлес қосыңыз. Заң бәріне ортақ!
