ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТЕР

25 Views

Әлихан Бөкейханов атындағы
орта мектептің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі Ахмет Молдашев
баптайтын осы білім ошағының
жасөспірім оқушылары «Ауыл
спорт – 2026» республикалық
турнирінде жүлделі II орынды
ие болды. Біз бұл жаңалықты
аталмыш мектептің әлеуметтік
желі инстаграмм парақшасынан
оқып білдік.

Ахмет Молдашев үнсіз жүріпақ, еселей еңбек етіп, шәкірттердің
жүрегінен орын ала білген мұғалім.
Ол туралы біз сан мәрте жаздық та.
Сондықтан Ахаңа қалай мақтауды
жаудыртсақ та жарасады. Себебі ол
оған лайық.
«Ауыл спорт – 2026» Республикалық турнирінде кейіпкеріміздің
шәкірттері шебер ойын өрнегін,
командалық ауызбіршілік пен жеңіске деген үлкен ұмтылысты көрсете білді. Нәтижесінде, республиканың түкпір-түкпірінен келген
мықты командалар арасынан суырылып алға шығып, жүлделі ІІ
орынды қанжығаларына байлады.

Сонымен қатар жеңімпаздарға 250
000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны олжалаған жайы бар. Жас
спортшылардың бұл жетістігінің
артында олардың дайындығы мен жаттықтырушысының қажырлы еңбегі
жатыр. Жалынды жастардың спорт
биігіндегі жеңісті жолдары толастамай, алдағы уақытта да мектеп мерейін үстем ететініне сенеміз.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий