АЙАРУДЫҢ айқын жеңісі жарыс өтті. Еліміздің 15 облысынан жиналған кіл мықтылар бас қосқан бұл дода нағыз шеберлік пен төзімділіктің сынына айналды. Әр өңірдің намысын қорғауға келген жас спортшылар жеңіс тұғырынан көріну үшін бар күш-жігерін салды. Дүбірлі додада 10 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түскен Каипова Айару өзінің қайсар мінезімен, ерекше ептілігімен және жеңіске деген құштарлығымен көзге түсті. Жарыс жолында қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген

32 Views

Нағыз дарын тас жарып шығады
деген сөз бекер айтылмаса керек. Үлкен
қалалардың сәулетті спорт кешендерінен емес, қарапайым ауылдың
топырағынан түлеп ұшқан жас өрендердің жеңісі қашан да ерекше әсер
қалдырады. Осындай жарқын жетістіктің иесі – кішкентай болса да таудай
талабы бар жас спортшы Айару
Каипова.
Жақында Астана қаласында
ауылдық елді мекендердегі балалар
арасында республикалық спорттық жарыс өтті. Еліміздің 15 облысынан
жиналған кіл мықтылар бас қосқан бұл
дода нағыз шеберлік пен төзімділіктің
сынына айналды. Әр өңірдің намысын
қорғауға келген жас спортшылар
жеңіс тұғырынан көріну үшін бар
күш-жігерін салды. Дүбірлі додада
10 жасқа дейінгі қыздар арасында
сынға түскен Каипова Айару өзінің
қайсар мінезімен, ерекше ептілігімен
және жеңіске деген құштарлығымен
көзге түсті. Жарыс жолында қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген ол жоғары нәтиже көрсетіп, І орынды
қанжығасына байлады. Бұл – тек бір
баланың ғана емес, оны баптаған
бапкерінің, тілеуін тілеген ата-анасы
мен туған ауылының ортақ жеңісі.
Жарыс қорытындысы бойынша топ
жарған Айаруға ұйымдастырушылар
тарапынан 200 000 теңге көлемінде
ақшалай сыйлық табысталды. Алайда
бұл жеңістің ең басты сыйы – алдағы
үлкен белестерге ашылған жол. Енді
жас чемпион келесі жылы өтетін халықаралық жарыста ел намысын қорғау
үшін шетелге жолдама алып отыр.
Бүгінгі ауыл баласының ертеңгі әлем
чемпионына айналуына осындай
бастамалар үлкен серпін береді.
Еліміздің төрінде көк туымызды
желбіреткен Айарудың ендігі мақсаты
– халықаралық аренада Қазақстанның
атын асқақтату. Жас дарынға алдағы
үлкен бәсекелерде сәттілік пен жаңа
жеңістер тілейміз.
Айым НҰРБЕКҚЫЗЫ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий