ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

21 Views

2026 жылғы23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы-ның депутаттарын сайлау өтеді.
Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.
Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда
белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің
аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын145 де-путат кіреді.
Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде
жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл
бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы
депутат бола алады.
Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі
бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы
санының кемінде30 пайызын құрауға тиіс.
Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси
партиялар дербес айқындайды.
Жаңару үшін дауыс бер!
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий