белсенділердің еңбегі бағаланды

412 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған 5 маусым күні өткен жалпыұлттық референдумның жоғары деңгейде өтуіне ат­салыс­қан бір топ аудан азаматтары қатысты.
Кеңейтілген отырысқа аудандық референдум комиссиясының төр­ағасы М.Тлепов қатысып, жиынды өзі жүргізіп отырды. Алғашқылардың бірі болып сөз алған төраға республикалық референдум ұйымдастыру мен өткізу қорытындылары туралы баяндады да, таңдауға қатысқан бір­қатар белсенді азаматтарды марапаттады.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен Ә.Тәжіков, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен К.Ақмолдаева және Г.Үдербаева марапатталса, Жамбыл облыстық сайлау комис­сия­сының Алғыс хатына 33 учаскелік референдум комиссия мүшелері ие болды.
Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой: