ҚЫМБАТТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ! ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!

441 Views

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен, ыстық ықыласпен құттықтаймыз!
Білім күні – жаңа оқу жылында жаңаша серпін, мол мүмкіндіктер тудыратын дәстүрлі мейрам.
Сыңғырлаған әсем қоңыраудың үнімен басталатын күздің алғашқы күні ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар үшін ерекше тебіреніске толы күн.
Алаштың ардақты азаматы Мір­жа­қып Дулатовтың: «Ұрпағы білімді халық­тың болашағы бұлыңғыр болмайды», – деген ұлағатты сөзі бар. Білім – адам баласының өмірлік серігі, өз тағды­­ры­­ның тұғыры. Ал ұстаздар – осы­нау жар­қын әлемге жол ашушылар.
Еліміздің өсіп-өркендеуі ұлттық бі­лім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, мектеп біліміне тікелей байланысты. Сон­дықтан да білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттарының бірі болып табылады. Мем­лекеттің қолдауымен сапалы және қол­жетімді білім алуға қолайлы жағдайлар жасалған. Жыл сайын білім саласына бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып, білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайып, оқу процесіне жаңа технологиялар енгізілуде. Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру – біздің басты міндетіміз.
Игі дәстүрмен жаңа 2022-2023 оқу жылында ауданымыз бойынша 15 мыңға жуық оқушы оқиды деп күтілсе, оның ішінде 1388 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр. Ал осындай мерекелі күнде өздеріңіз оқып келген білім ошағы жаңа кейіпте қарсы алып, есігін айқара ашқалы отыр. Жас өрендеріміздің білім жолындағы алғашқы қадамдары жетістікке толы әрі жемісті болсын.
Құрметті ұстаздар қауымы!
Жас өркеннің рухын биіктетіп, қана­тын қатайтып, әлемдік бәсекеге қосу кілті – Сіздердің қолдарыңызда, мәр­тебелі мұғалімдер! Сондықтан да осы ұлы істе беделдеріңіз биік болсын!
Жалпы ауданымыздың білім саласы қашанда алдыңғы қатарда болған. Осы межені абыроймен жалғастырасыздар деп сенеміз. Ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, осы жолға ғұмырын арнаған игі қызметтеріңізге табыс тілейміз! Мәртебелеріңізді асырар шәкірттеріңіз көп болғай! Жаңа оқу жылы жетістіктерге жетелесін! Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспіз!

Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Аудандық мәслихат хатшысы
Е.Әбутәліпов.

Поделиться ссылкой: