Наурыз – бірлік пен берекенің айнасы

232 Views

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Наурызнама тұжырымдамасы биыл да ауданымызда кеңінен насихатталуда. Көктемнің жарқын мерекесі әр мекемеде жоғары деңгейде тойланып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелуде. 

Наурыз мейрамын ерекше атап өткен ошақтардың бірі – «Бота» бөбекжай-бақшасы. 140 балаға арналған мектепке дейінгі тәрбие ошағы саналатын мекемеде мереке қарсаңында ұлы дәстүрімізді ұлықтап, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын тамаша шара ұйымдастырды. Іс-шара тақырыбы – «Дәстүр – ата-баба аманаты».
Мерекелік жиынға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісов, аудандық мәслихат депутаты Ертіс Тұғылшиев және бір топ аяулы аналар арнайы келіп қатысып, ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.
Балабақша ұжымы мен бүлдіршіндері ұлттық нақыштағы көріністер қойып, келушілерге ерекше концерттік бағдарлама ұсынды. Қазақтың қасиетті шаңырағы – киіз үй тігіліп, наурыздың басты тағамдары әзірленді.
Бұл мереке – ата-бабамыздан қалған ұлттық бірегейлігіміздің жарқын көрінісі. Осындай игі шаралар ұрпақтың бойына ұлттық рух пен салт-дәстүрді сіңіруге жол ашады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: