Қамқорлық пен мейірімге негізделген қызмет
13 ViewsҚоғамның кемелдігі мен мәдениеті оның мұқтаж жандарға деген қарым-қатынасымен, мейірімділігімен өлшенеді. Осы орайда, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қол ұшын созып, олардың өмір сүру…
Нұрданат Айтанов – Азия чемпионы
Вьетнам мемлекетінің Дананг қаласында күрес түрлерінен өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Нұрданат Айтанов жеңімпаз атанды. Нұрданат Айтанов естеріңізде болса, Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында дәл осы салмақта тұғырдың ең биік сатысынан көрініп, осы жарысқа жолдама еншілеп алған болатын. Ал Алматы қаласында өткен Қазақстан кубогы жарысында 57 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, топ жарды.
Вьетнамдағы Азия біріншілігінде ол 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Нәтижесі сол, Нұрданат Айтанов алғашқы кезеңде шриланкалық, жартылай финалда қырғыз елінің, ақтық кезеңде үндістандық балуанды ұтып, Азия чемпионы атанды. Біз Нұрданаттың келешегі зор балуан екенін ұдайы жазып келеміз. Ол – бұл жолы да ел сенімін ақтады. Жарайсың, Нұрданат!
Марат Диханбай.