АСТАНАДАҒЫ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫ – Қазақстан дамуының бастамасы

9 Views

Президент Жолдауындағы ең ірі
халықаралық жаңалықтардың бірі
– Астанада әлемдік деңгейдегі ірі
компанияны тарта отырып, жаңа әуежай
құрылысын бастау туралы шешім болды.
Бұл Қазақстанның Еуразия жүрегіндегі
басты авиациялық геоэкономикалық
жобасы болып табылады. Жаңа
бастаманың ел болашағы үшін маңызы
зор. Батыс пен Шығыс, Еуропа мен
Азия арасындағы транзиттік ағындар
жыл сайын артып келеді. Астанада
заманауи жаңа әуе хабының пайда
болуы еліміздің халықаралық жүк және
жолаушылар тасымалындағы үлесін
еселеп арттырады. Президент атап
өткендей, жаңа инфрақұрылыммен қатар
көлік саласын толық цифрландыру
қажет. Жаһандық ағындарды қағаз
жүкқұжаттармен басқару дәуірі
артта қалды, яғни қағазбастылықтан
– жасанды интеллектке көшу–
болашағымыз үшін дамудың ең озық
көрсеткіші. Жаңа әуежай – еліміздегі
цифрлық және интеллектуалдық
технологиялар тоғысатын орталыққа
айналары сөзсіз. Астананың жаңа
әуежайы — Қазақстанның әлемге
ашылған жаңа қақпасы әрі біздің
жаһандық бәсекеге қабілеттілігіміздің
айқын дәлелі болмақ.
Айым ШӘЛДЕН.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий