Қамқорлық пен мейірімге негізделген қызмет
13 ViewsҚоғамның кемелдігі мен мәдениеті оның мұқтаж жандарға деген қарым-қатынасымен, мейірімділігімен өлшенеді. Осы орайда, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қол ұшын созып, олардың өмір сүру…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов сегізінші шақырылымдағы мәслихат
депутаттарын қабылдап, осы уақытқа дейін ауданның дамуы жолында бірлесе
атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында бірқатар халық
қалаулысына Құрмет грамоталары табысталса, бірнеше депутат «Ауданға сіңірген
еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Аудан басшысы өз сөзінде депутаттардың ауданның әлеуметтік-экономикалық
дамуына қосқан үлесін атап өтіп, инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды
баспанамен қамту, әлеуметтік нысандар салу және елді мекендердің әл-ауқатын
арттыру бағытында атқарған жұмыстарына жоғары баға берді. Сонымен қатар
аудан басшысы халық қалаулыларының үш жарым жылдық ел игілігі жолындағы
еңбектеріне ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.