Қамқорлық пен мейірімге негізделген қызмет
13 ViewsҚоғамның кемелдігі мен мәдениеті оның мұқтаж жандарға деген қарым-қатынасымен, мейірімділігімен өлшенеді. Осы орайда, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қол ұшын созып, олардың өмір сүру…
Т. Рысқұлов ауданында мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс аясында «Қоғамда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасын іске
асыру бойынша ауқымды кездесулер
өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
басқармасының бас маманы Жылысбаев
Ернар Нұрболұлының қатысуымен
өткен бұл іс-шаралар қоғамда әділдік
пен парасаттылық қағидаттарын
орнықтыруды көздеді.
Бағдарламаға сәйкес, күннің
алғашқы маңызды кездесуі Т. Рысқұлов
аудандық полиция бөлімінен басталды.
Аудандық полиция бөлімінің акт залында өткен бұл жиында тәртіп сақшыларының қызметтік әдебі, заң
үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлықтың алдын алу мәселелері қозғалды. Аудандық полиция бөлімінің
бастығы Қуанышбеков Мадияр Бейсенбекұлының жауаптылығымен ұйымдастырылған бұл кездесуде құқық
қорғау саласы қызметкерлерінің қоғам
алдындағы жауапкершілігі мен тазалығы басты назарға алынды.
Полиция бөлімінен кейін М.Өзбеков
атындағы аудандық мәдениет үйінде
мемлекеттік қызметшілер, бөлім және
мекеме басшыларымен «Адалдықты
өзіңнен баста» тақырыбында кездесу
өтті. Жиын барысында мемлекеттік
қызметшілердің құқықтары, міндеттері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл саласындағы жауапкершілігі
кеңінен талқыланды. Қатысушылардың
заң бұзушылықтың зардаптарын
тереңірек ұғынуы үшін экраннан
арнайы тақырыптық бейнеролик
көрсетілді. Мәселенің құқықтық жағына
ерекше тоқталған Жылысбаев Ернар
Нұрболұлы ҚР Қылмыстық кодексінің
366-бабы (Пара алу), 367-бабы (Пара
беру) және 368-бабы (Парақорлыққа
делдал болу) бойынша көзделген
жауапкершіліктерді нақты түсіндіріп
өтті. Жиында пара алатын, пара беретін
және делдалдық ететін тараптардың
іс-әрекеті бір немесе бірнеше адамнан
тұратын қауіпті қылмыстық тізбек екені
және оның заңмен қатаң қудаланатыны
ескертілді. Осыдан кейін Құлан мектепгимназиясында мектеп директорлары
мен балабақша меңгерушілерімен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру мәселесі талқыланды.
Бағдарламаға сәйкес, кездесу Құлан
агротехникалық жоғары колледжінде
жалғасып, «Әділетті қоғам – адал
азамат» тақырыбында одан әрі TEDx
конференциясы форматында өтті.
Орталықтың акт залында болған
конференцияға оқытушылар мен
студенттер, аудандық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан
Қазыбайұлы, Жамбыл облысы Қазақстан
халқы Ассамблеясы Тұрар Рысқұлов
ауданы бойынша Ақсақалдар кеңесінің
төрағасы Өтегенов Серік Асанханұлы,
аудандық әкелер кеңесінің төрағасы
Маңғұтов Мырзабек Қарақұлбайұлы
қатысып, парасаттылық, адамгершілік
құндылықтар мен жас буынның бойына
сіңірілуі тиіс асыл қасиеттер туралы
өмірлік тәжірибелері төңірегінде
тереңінен толғады. Жиында Ернар
Нұрболұлы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында маңызды
ақпараттар беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Конференция
барысында «Әділдік пен парасаттылық
– адал қоғамның негізі» атты арнайы
бейнеролик көрсетіліп, студенттерге
«Егер бүгін сіздің өміріңіздегі ең маңызды шешім қабылдайтын күн болса,
қандай қадам жасар едіңіз?» – деген
сауал тасталды. Өткізілген бұл жүйелі
іс-шаралар Т.Рысқұлов ауданында
сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда,
әсіресе құқық қорғау саласы мен болашақ жастардың бойында адалдық
пен әділдік ұғымдарын бекітуде
маңызды қадам болды. Ары қарай,
Абай, Қарақыстақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер
ұйымдастырылды. Ол жиындарда
да тұрғындар арасында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Айым НҰРБЕКҚЫЗЫ.