Құқықтық тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

8 Views

2026 жылдың қараша айының
20-сы мен 22-сі аралығында Түрксіб
станциясындағы Көліктегі полиция
бөлімінің қызмет көрсету аумағында
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты
– қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, құқық бұзушылықтардың алдын
алу, қылмыстың жолын кесу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара аясында теміржол вокзалдары мен пойыздарда қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен
қылмыстарды анықтау және олардың
алдын алу бағытында профилактикалық
жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар
жолаушыларға құқықтық түсіндіру
жұмыстары ұйымдастырылып, темір жол көлігі нысандарында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі ескертіледі. Көліктегі полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге
шақырады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті. Заң мен тәртіп –
қауіпсіз қоғамның негізі.
Түрксіб станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің әкімшілік
полиция бөлімшесі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий