НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ!
2 ViewsПоездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол өткелдерінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2026 жылдың 28-ші қазаны мен 27-ші қараша аралығында НЖС-8…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында
Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен
(Көлік құралдарын басқару құқығынан
айырылған және алкогольдік, есірткілік
және (немесе) уытқұмарлық масаң
күйдегі адамның көлік құралын
басқаруы, сол сияқты көлік құралын
басқаруды осындай адамға беру немесе
көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыстық
құқық бұзушылық жасағаны үшін Е.-ге
қатысты қылмыстық іс қаралды.
Осы жылдың мамыр айында Е.
көлік құралын жүргізу құқығынан
айырылғанына қарамастан, Луговой
ауылында автокөлікті алкогольдік
ішімдікке мас болып жүргізіп келе
жатып, полиция қызметкерлеріне
ұсталған.
Сотта сотталушы өз кінәсін толық
мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.
Сот үкімімен Е.-ге Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің
346-бабының 1-бөлігімен өмір бойына
көлік құралын жүргізу құқығынан
айыра отырып, бір жыл алты айға
бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.