Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Қарағанды қаласында өткен ел чемпионатында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Нұржан Әуесбаев жүлделі II орынға ие болды.
Негізінен, Нұржан бұған дейін де жеңіл атлетикадан өңірде ұйымдастырылған кез келген жарыстарда қарсыластарының алды болып жүрген. Ол дәл осы спорттан облысымыздың 5 дүркін чемпионы. Сондықтан чемпионат алдында Жүніс Бектемишев сынды білікті бапкерден тәлім алатын Нұржан Әуесбаевты мамандар негізгі фавориттердің біріне балаған.
Жақында Нұржан Әуесбаев пен оның бапкері Жүніс Бектемишевті аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев арнайы жеке құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
«Қарағандыдағы ел чемпионатында жеңіл атлетикаға енетін төрттік сайыстан бақ сынадым.Төрттік сайыс бағдарламасына 60 және 800 метрге жүгіру, кіші доп лақтыру, ұзындыққа секіру жатады. Осылардың барлығынан менің жинаған ұпай саным 279 болды. Жүлделі I орын павлодарлық Данил Сучковқа бұйырды. Көп ұпай қалып қойғаным жоқ қарсыласымнан. Алдағы уақытта бұдан да жақсырақ нәтиже көрсетіп, чемпион боламын деген ойдамын. Сол үшін бапкеріммен бірге дамылсыз жаттығу үстіндеміз» дейді жасөспірім жігіт. Ендеше, Нұржанға әрқашан сәттілік жолдас болсын дейміз.
Спартакиадан жүлдемен оралды
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында Тараз қаласында облыстық спартакиада өтті. Жарыстың ашылу рәсімін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Еркебаев сөз сөйлеп, ашып берді. Кіші футбол, шахмат, үстел теннисі, қол күрес, тоғызқұмалақ, дойбы, кір тасын көтеру және жүзу секілді спорттың 8 түрінен бақ сынаған мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға 15 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте аудан атынан додаға түскен мемлекеттік қызметшілеріміз жүлделі III орынды жеңіп алды. Ал жекелей сында ерлер арасында шахматтан аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сержан Сәрсенов пен дойбыдан әйелдер арасында аудан әкімдігі қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрсұлу Сейсеу жүлделі I орынға ие болды.Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан өз шеберлігін паш еткен Құлан ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Жандосәліби Үмбеталы жүлделі II орынды еншілеп, тұғырдың екінші сатысынан қол бұлғады.
Тәжірибелі ұстаз
Нұрғали Түменбаевты көптеген оқушының томағасын сыпырып, талабын шыңдаған жаттықтырушы ретінде танимыз. Юбилейное ауылдық округіндегі Подгорный шағын орталықты орта мектебінде жемісті жұмыс атқарды. Нұрекеңнің Құлан мектеп-гимназиясында денешынықтыру пәнінен дәріс беріп жүргеніне биыл бірінші жыл. Осы уақыт аралығында Нұрғали Түменбаев аталмыш білім ошағындағы оқушылардың сүйікті тәлімгеріне айналды. Әрине, бұл оның бірінші кезекте жылдар бойғы тәжірибесінің арқасы екендігі анық.
Жуырда халықаралық балаларды қорғау күніне орай кіші футболдан өткен жарысқа қатысқан едік. Сонда Нұрекең жаттықтыратын оқушылар тек финалда ғана ұтылды. Есесіне, бұл жарыста Бекнұр Есіркеп, Дамир Нұрғали, Мирас Наурызбай есімді ала допты ұршықша иіретін жасөспірімдер өздерінің шеберліктерін жоғары дәрежеде көрсете білді. 2008-2009 жылғы мектеп оқушылары арасындағы аудандық спартакиада да Нұрғали Түменбаевтың шәкірттері жүлделі II орын жеңіп алған болатын. Шәкірттері жетістіктерін еселеп, мұғалім мәртебесін асырып жатса, ұстаз үшін бұдан асқан бақ бар ма?..
Топтаманы дайындағандар: Жанерке Дүйсен,
Марат Диханбай.