Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Өткен аптада аудан әкімі Ерболат Садырқұлов мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, ізгі тілегін білдірді. Аудан басшысы Егеменді еліміздің қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлер мен тыныштығымыздың қорғаны болған полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау сөзінде: «Бүгінде ел үкіметі мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандастарымыздың тұрмысын жақсартуға бағытталған межелі мақсат қойып отыр. Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан ел басқарудың командалық әкімшілік жүйесінен нарықтық экономикасы бар жаңа әкімшілік басқару моделі дамыған зайырлы мемлекетке айналды. Ал бұл жұмыстың басты тетігі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс атқару сапасымен тікелей байланысты. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – әрбір қазақ баласы үшін мәртебелі міндет.
23 маусым — мемлекеттік қызметшілерден бөлек, полиция қызметкерлерінің де кәсіби мерекесі. Бұл мейрам елімізде 2007 жылдан бері аталып келеді. Әрине қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Қылмыстың алдын алу мақсатында біздің аудандық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері қайсарлықпен жұмыс атқаруда. Сіздерді осынау кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызда әрқашан ырыс-береке тілеймін»- деді.
Бұдан кейін, Ерболат Салқынбекұлы қос бірдей салада абыроймен жұмыс жасап жүрген бір топ азаматтар мен азаматшаларға облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының арнайы әзірлеген мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
Марат Диханбай.