Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
21 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Қызылшаруа елдімекенінің Нұрбек Бекбаев, Бейсеналы Шолпанқұлов, Гүлназ Азатова, Ұлмекен Әзімқұлова және Айгүл Қосымбетова есімді тұрғындары осыдан екі жыл бұрын ауылға газ құбыры тартылып, жергілікті жұртшылық үйме-үй көгілдір отынның қызығын көру үшін жанталасып жатқанда, олар қолдың қысқалығынан үнсіз қалған екен. Ауылдастары секілді газ кіргізейін десе, оған қаражат тапшылығы мүмкіндік бермепті. Әйтіп-бүйтіп екі жылды өткерген ауыл тұрғындары қайдан қаражат табарын білмей, амалдың жоқтығына налып жүрген сәтте оларға «БайзақГазСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талғат Аденов көмек қолын созып, көгілдір отынды тегін кіргізіп беріпті. Ең бастысы, олар енді көмір сатып алып, отын жақпайтын болды. Осындай қуанышқа кенелткен Талғат Аденовке есімдері аталған ауыл тұрғындары дән риза. Соның бірі — Гүлназ Азатова. Ол өз сөзінде ел аумағында Талғат сынды атымтай жомарт жандардың көп екенін тілге тиек етіп, тұрмыстық жағдайына байланысты әлеуметтік аз қамтылған отбасы жанұяларына қолдау көрсеткен «БайзақГазСервис» ЖШС-нің директорына зор ризашылығын білдірді.
Марат Жолдасбекұлы.