Әліби Жұмабек жүлделі оралды

851 Views

Абай атын­дағы орта мектеп­тің 9 сынып оқушысы Әліби Жұмабек өте зерек оқушы. Ол Абай Құнанбайұлының 200-ден аса өлеңі мен 30-ға жуық қара сөзін жатқа біледі.
5 әлде 6 сынып оқып жүрген кезінде ма екен, Әліби Абай оқуларынан өт­­кен аудандық жарысқа қатысқан еді. Сол кезде ру­хани сырлас әп­кем­нің бірі, ау­дандық білім бө­лі­мінің әдіскері Гүлмираш Қырықбаева мені аталмыш бай­қау­ға қазылық ету­ге шақырды. Ба­рын­ша әділ ба­ғасын бердік. Сол байқауда Шоқан Уәлиханов атын­дағы шағын ор­талықты орта мек­тептің оқушысы Ахмет Қамшыбек бас жүлдені ен­шіледі. Бұдан соң, Ахметтің об­­лыстық, тіпті, рес­публикалық жа­рыста оза шап­қанын газетіміз­ді үзбей оқитын көзі қарақты оқыр­ман­дарымыз жақ­сы білетін болар. Әліби сол жылы жүлделі I орынды иеленді. Бас жүлдені Ахметтің ен­шілегенін айттық. Бірақ Гүлмираш әпкем маған сол уақытта: «Мына бала әлі-ақ ауданымыздың атын шығаратын оқушы болады» деп айтқан еді. Айтқаны келді.
26-28 тамыз күндері Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысындағы Жидебай ауылында дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы өткен болатын. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткен аталмыш байқау­да облысымыздың аты­нан 6 оқушы бақ сынап, оның 5-еуі жүлдегерлер санатына қосылды. Жүл­делі болғандардың қа­тарында Әліби Жұмабек те бар.
«Өлең сөздің патша­сы – сөз сарасы», «Абай­дың қара сөздері», «Абай шә­кірт­те­рінің шы­ғар­малары», «Көңілім әнді ұға­ды», «Жүйріктен жүй­рік озар жарысқанда» және «Сөз зергері» атты 6 номинациядан тұратын бұл байқауда Әліби екінші аталым бойынша өз өнерін ортаға салды. Және республиканың әр түкпірінен жи­налған 130 оқушының ішінде Абай атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Әліби Жұмабек­тің шоқтығы биік болып, ол осы бай­қау­дың жүлделі II орын иегері атанды.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: