Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы
Тіл – ұлттың басты құндылығы, бар байлығы. Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді сақтаудың бірден бір кепілі – әліпбиіміз. Біз күні бүгінге дейін крилицаны қолданып келдік. Алайда, төл дыбыстарымызды латын қаріпімен жазу қиынға соққандықтан, Елбасы әлем елдері қолданып отырған латын қаріпіне көшуді құптаған болатын. Осылайша, ол 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн болған еді. Осы күннен бастап жаңа әліпбидің бірнеше нұсқалары пайда болып, нәтижесінде бір ғана нұсқа заңды түрде қабылданған. Сол сәттен бері үкімет халықты жаңа әліпбиге үйрету жұмыстарына кірісті. Мәселен, мемлекеттік мекемелер, оқу орындарында жаңа әліпбимен диктан жазу жұмыстары жүргізілсе, баспасөз беттерінде латын әліпбиінде жазылған мақалалар жарық көре бастады. Соның бір дәлелі жуырда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай латын қаріпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде бір мезгілде «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясы өтті. Аталған акцияға белсене атсалысқан ауданымызда 200-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер, 300-ден астам студент, 2000-нан астам оқушылар мен педагогтар диктант жазуға кіріскен. Аудан әкімдігінің мәдениет және тіл дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген шараның нәтижесі аудандағы латын әліпбиін түсіндіру жұмыстары жоғары деңгейде жасалып, қолданысқа ене бастағанын дәлелдейді.
Салтанат Қарасаева.