Отбасы – өмір аясы

716 Views

Ауданның өнері мен мәдениетіне үлес қосқан таланттар мен тау тұлғалар аз емес. Сондай өнерлі жандардың бірі – сан жылдар бойы еліміздің мәдениет саласының өркендеуіне аянбай тер төккен Жорабек Әбдікерімов. Жуырда М.Өзбеков атындағы аудандық мәде­ниет үйінде «Отбасы – өмір аясы» атты Әбдікерімовтер отбасымен кездесу кеші өтті. Әбдіжапар ауылында тұратын Жорабек ақсақалдың отбасы өнерлі отбасылардың бірі десек, өтірік айтпаймыз. Оны кездесу кешінде өздері де айқындап берді.
Жорабек Әбдікерімұлының ақын­дығы бір төбе, сазгерлік және күйшілік өнері өз алдына бір төбе. Ұл-қыздары да шетінен өнерлі. Сұрақ-жауап форматында өрбіген сырлы кештің өн бойы ақсақалдың ұл-қыздары мен немерелері орындаған әсем әндермен өріліп тұрды. Орындалған әндердің сөзін де, әнін де Жорабек ақса­қалдың өзі жазғанын айта кетейік. Әсем әндер­ден бөлек күмбірлеген күйлері де тыңдаушының құлақ құрышын қандырды. Кеш соңында Әбдікерімовтер отбасына аудандық мәдениет үйінің арнайы дайындалған бағалы сыйлығы табыс етілді.

Жазира Қораласбаева,
аудандық мәдениет үйінің аға әдіскері.

Поделиться ссылкой: