Сенбілік жұмыстарына қатысты
35 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Әлімжан Айымбеков сурет салуға бала жастан құмар. Оның осы өнерге деген құштарлығы ауыл мұғалімі болып жүрген кезде де жанына маза бермеді. Ол қылқаламын қолынан тастамай туған өлкенің табиғатын, тарихи тұлғалардың портретін салудан бір жалықпады. Өзі зайыбы Гүлнәр екеуі Алматыда оқып жүргенде желтоқсанда болған толқуға қатысып, колбиншілерге қарсы шықты. Оның коллекциясында әр түрлі тақырыптағы суреттер баршылық.
Әлімжан Көкдөнен ауылындағы Ахмет Байтұрсынов мектебінде бейнелеу өнері сабағынан оқушыларға дәріс береді. Ұстаз-суретші ауданда, облыс орталығында, республикада өтетін көрмелерге үнемі қатысады. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен аудандық байқауда қазақ хандарының портретін салып, байқау жеңімпазы атанды. Осы үстіміздегі жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Әулие ата бояулары» атты халық шығармашылығы фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.
Жақыында жерлесіміз Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелігіне қабылданды. Біз Әлімжанды Одаққа мүше болуымен құттықтап, оның келешекте осы өнердің биік шыңына жетуіне тілектеспіз.
С.Қожеке.