Белсенді жастар – жарқын болашақтың кепілі
47 ViewsЖастар – елдің ертеңін айқындайтын, қоғамның дамуына серпін беретін үлкен күш. Қай кезеңде де мемлекеттің болашағы білімді, еңбекқор, отансүйгіш әрі азаматтық ұстанымы қалыптасқан жас…
Қарттар – бірліктің бастауы, ынтымақтың арқауы. Сондықтан да болар, халқымыз қариясын қазынаға балаған.
Қарттар күні мерекесі қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте де қарттар күніне орай «Құрыштан құйған құдірет, қарттарым, аман-саумысың?» атты мерекелік кеш болып өтті. Шараға мектепте ұзақ жыл қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагер ұстаздар арнайы шақырылды. Зейнеткер ұстаздар өздерінің басынан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, өсиет әңгімелерін айтса, мектеп ұжымы оларды ұлықтап, концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш соңында ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табыс етілді.
Салтанат Қарасаева.