Белсенді жастар – жарқын болашақтың кепілі
48 ViewsЖастар – елдің ертеңін айқындайтын, қоғамның дамуына серпін беретін үлкен күш. Қай кезеңде де мемлекеттің болашағы білімді, еңбекқор, отансүйгіш әрі азаматтық ұстанымы қалыптасқан жас…
Мектебіміздің 9 сынып оқушылары қарттар күніне орай ауылымыздың ақсақалды қариясы Еңсебек атамыздың үйіне барып, шефтік көмек көрсетті. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің кең жайылып, терең тамырлануы маңызды. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Ж.Көпбаева,
Б.Момышұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.