Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Қалыптасқан дəстүр бойынша, Ақыртөбе ауылдық округі әкімдігінің мамандары мен жергілікті əлеуметтік маман, Жастар ресурстық орталығының Ақыртөбе ауылы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы жəне мəдениет саласы мамандарының бірлесіп ұйымдастыруымен қариялардың құрметіне мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды.
Айтулы кеште Ақыртөбе жəне Малдыбай ауылының қариялары бас қосып, жергілікті жас өнерпаздардың орындауындағы əнідерін тыңдап, биін тамашалап өздері қайтты. Ақ дастархан басына жиылған қадірлі қарияларды Ақыртөбе ауылдық округінің əкімі Айбек Әбішев құттықтап, осы іс-шараға атсалысқан жандарға алғыс білдірді.
Кеш соңында ақсақалдар осы кешті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.
Іс-шараға демеушілік көрсеткен жергілікті кəсіпкерлер Сəбит Мəуленқұлов, Данияр Юсупов, Мақсұт Ахай мырзаларға айтар алғысымыз шексіз.
Н.Сәрсенбаева,
Жастар ресурстық орталығының Ақыртөбе ауылдық
округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы.