Бильярд
Жақында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» атты мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының II кезеңін жүзеге асыру бойынша және облыстың 80 жылдығына орай ардагерлер мен жастар арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырды. Аталмыш жарысқа аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы Жарылқасын Дидай мен оның ұлы Азамат Дидай қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Ардагерлер арасында Жарылқасын Дидай жүлделі II орынды иеленіп, осы категорияда «Үздік ойыншы» атанса, Азамат Дидай аталмыш турнирде өзіне тең келер қарсылас таппады. Жастар арасында Азамат Дидай жарыс жеңімпазы болды. Сондай-ақ, ардагерлер мен жастар арасында топ жарғандар «Супер ойын» өткізіп, бұл сында да Азамат Дидайдың мерейі үстем болды. Жарыс қорытындысында үздік ойын өрнегін көрсете білген Жарылқасын Дидайға бильярд ойынының таяғы ки,
Азамат Дидайға бағалы сыйлық
табыс етілді.