Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қаламы қарымды журналист әріптесіміз Болат Жаппарұлы жақындаАмерика Құрама Штаттарындағы Франкфурт, Бостон, Нью-Йорк қалаларында болып қайтты.
Облыстық «Ақ жол» газетінің байырғы тілшісі, сатирик Болат Жаппарұлы осы сапарынан «Америкада оқып жүр талай қазақ баласы» деген жолжазба очеркін облыстық газетте жариялады. Журналист үшін «Жеті қарақшысы жоқ», жеті құрлықтың ар жағындағы елді көру қандай ғанибет десеңізші. Ол Кембридждегі Мұсылман мешітінде болып құрбан айт намазына қатысқанын тебірене жазады. Сондай-ақ, Америкаға аты мәлім, елдің тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның атқа мінген ескерткіші алдында тұрып үлкен толқу үстінде болғанын да жасырмайды.
Сондай-ақ, Гарвард университетіне барар жолдағы шағын саябақта тұрған ел президенті Авраам Линкольннің ескерткішін көріп, «қара құрлықтан» құлдыққа әкелінген афро американдықтарға теңдік беру туралы тұңғыш заң шығарған тұлғаны көріп таңырқады.
Бөкең бұл сапарында өзінің Америкадағы Гарвард университетінде оқып жүрген ұлы Жанат пен келіні Мақпалдың отбасында болғанын, немересі Исмаилдың сол жат елде дүниеге келіп, сол елдің азаматтығын алғанын жазады. Бір ерекшелігі сол, американдықтар өздерінің азаматтарын қай елде жүрсе де қорғайды. Олардың тағдыр-талайын біліп отырады.
Б.Жаппарұлы осы мақаласында білімді ұрпақ туралы, бірлік туралы және шетелдегі өзге ел азаматтарының өзінің діні мен тілін, мәдениетін сақтап тең құқықта өмір сүріп жатқанын айтады. Журналист әріптесіміз Бостондағы этноауылда болып, ондағы тарихи ескерткіштерді көріп таңғалғанын, жергілікті халықтың көненің дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын ұмытпайтынын айрықша атап өтеді.
С.Қожеке.