Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Марат Смаилов пен Дүйсен Бықыбаев Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылында болып, канвассинг форматында кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде халықтың өтініш-тілегіне құлақ түрген кандидаттар сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның басым бағыттарын жан-жақты түсіндірді.
– Партияның ықпалымен алдағы бес жылда 125,8 мың тұрғыны бар 119 елді мекенді сапалы ауызсумен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ, 128 мың адам тұратын 107 ауылға газ құбыры жүргізілмек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін 85 ауылда жалпы ұзындығы 862 шақырым болатын су құбыры тартылады.
Ал 2025 жылға қарай өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқаптың көлемі 25 мың гектарға артып, мал басы 110 мыңға және құстың саны 102 мыңға дейін жетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау нарығы кеңейеді.
Ауылдағы шағын және орта бизнеске жасалған қолдау есебінен елді мекендердегі кәсіпкерлер 225-ке көбейіп, өндіріс көлемі 807 миллион 200 мың теңгеге артады.
Қазіргі таңда ауылдағы әрбір ауладағы табыс көлемі 104 мың теңге болса, 2025 жылға қарай бұл сома 209,1 мың теңгені құрайды, – деген кандидат Марат Смаилов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының әрбір бағыты әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталғанын айтты.
Өз кезегінде сөз алған тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының
Сайлау қорының қаражатынан төленді.