САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТҮСІНДІРДІ
Үгіт-насихат жұмысы кез келген сайлаудағы маңызды кезең болып табылады. Сондықтан болар, бүгінде аталмыш мәндегі жұмыстар қарқынды түрде іске асырылуда.
Жуырда ауданымызға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Парламент Мəжілісі депутаттығына кандидат Сұлтан Мықтыбекұлы Өсербаев арнайы іс-сапармен келді. Кандидат өз іс-сапарында ең әуелі аудандағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Луговой релсь дəнекерлеу» кәсіпорнында болып, ұжым мүшелерімен кездесті. Айта кету керек, аталмыш кездесуге аудандық мəслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Бердіхан Бабасов, Нұржан Бықыбаев және Мұратжан Мейманханов қатысты. Аталмыш кездесу барысында кандидаттар сайлау науқанында нұротандықтардың атқарып жатқан жұмыстарын айта келе, партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, «Теміржол –еліміздің күре тамыры» екендігіне тоқталып, саланың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында ұжым мүшелерінің ұсыныстарына құлақ түріп, олармен ұзақ пікір алмасты.
Ізінен кандидаттар аудандық «Халыққа қызмет көрсету» орталығында жедел кездесу өткізді. Кандидаттар мұнда да орталық қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігіне көз жүгіртіп, келушілермен партияның сайлауалды бағдарламасы аясында ой бөлісті. Соңынан сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.
Түс ауа Сұлтан Мықтыбекұлы аудандық партия сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде əлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, сайлаушылармен кездесті. «Кандидатқа сұрақ қой» онлайн-акциясы аясында өткізілген шараға аудан тұрғындары белсенді қатысып, өз ұсыныстарын жеткізді. Ұсыныстарды ұтымды деп қабылдаған кандидат тұрғындардың сауалдарына да толыққанды жауап қайтарды.
Аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы.
«Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің Т.Рысқұлов аудандық маслихат депутаттарын сайлау қорының қаражатынан төленді.
Ескерту: «Qulan tańy» газетінің 103 және 104-ші нөмірінде жарияланған Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт- насихат жұмыстары жөніндегі мақалаларға да «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің Т.Рысқұлов аудандық маслихат депутаттарын сайлау қорының қаражатынан төленді.